КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылғы есеп

«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Күншалған ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ- нің 

2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есебі

 

 

Жалпы ережелер.

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Күншалған ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Күншалған ауылы, Рахман Садуакасұлы11 көшесі, тел: 8(71659)37-291

мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты тұлғалар:

 мектеп директоры-Сагинбаева Гульмира Амантаевна 

іс жүргізуші Амрина Роза Мадешевна

 

2) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.

Мектеп 2023 жылы реестр бойынша мемлекеттік қызметтің 5 түрінен қызмет көрсетті. Жалпы 15 қызмет көрсетіліп, оның электронды үкімет порталы арқылы-15, мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) қызмет көрсетілді- 15, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде-. 15 жеке тұлға. Бас тарту саныны-0.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары негізінде көрсетіледі. 

Ең көп сұранысты қажет ететін 

1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша – 8 қызмет көрсетілді,

2. "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша – 6 қызмет көрсетілді. 

3. "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша – 1

4. "Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша- 0

5 "Мемлекеттік мекемелердің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру" -25

6. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша-0

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс.

       1) Мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттарын ««Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Күншалған ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің ақпараттарға арналған қабырға стендтерінен алуға болады.  

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектептің ресми интернет  ресурсында орналастырылған http://sc0012.ereymentau.aqmoedu.kz/content/otchet-v-sfere--gosudarstvennyh-uslug-za-2023-2024-ucheokazaniyabnyygo

 

      2) «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Күншалған ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету стандартының  жобалары көпшілік алдында талқыға түспеді.

Бірінші сыныптарда оқу үшін құжаттарды қабылдау "бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқу үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден 1 тамызға дейін жалғасады Құжаттарды ата-аналар да,заңды өкілдер де тапсыра алады. Бірінші сыныпқа 6 жасқа толған немесе ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады. 

Құжаттарды қабылдау және ұйымға қабылдау үшін қажетті құжаттар: 

1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өтініш; 

2)жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (сәйкестендіру үшін талап етіледі), 

3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (№063/у нысаны), (№026/у-3 нысаны), 

4) 2 дана мөлшерінде 3х4 см баланың фотосуреттері.

Халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

       2023 жылы Мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы жарияланымдар, білім беру ұйымдарының "Instagram" және "Facebook" әлеуметтік желілерінде мақалалар мен тікелей эфирлер жарияланды.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

     

 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан түскен жоқ.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері 

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында ай сайын "Ақмола облысы Білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Күншалған ауылының жалпы білім беретін мектебі"КММ Мемлекеттік қызмет көрсету есептілігі дайындалады және жинақталады Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметті тексеру жүзеге асырылады, қорытындысы бойынша анықталған ескертулер дереу жойылады, тексеру барысында ұсынымдар, тапсырмалар беріледі.

 

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

     Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша одан әрі тиімді жұмыс үшін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында: 

1. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауаптылар тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өз біліктіліктерін арттыратын болады; 

2. Мектеп мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдайды; 

3. Көрсетілетін қызметті алушыларды БАҚ-та, мектептің Интернет-ресурсы және басқа да веб-сайттар арқылы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы, сондай-ақ электрондық форматта хабардар ету бойынша жұмыс жүргізілетін болады

Жаңартылған күні: 01.03.2024 12:51
Құрылған күні: 01.03.2024 12:51

Текст