1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша, балалар ата-аналарының өтініші бойынша 6 жастан бастап мектепке қабылданады. Құжаттарды egov.kz электрондық үкімет, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде 31 тамызға дейін тапсыруға болады. Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Қажетті құжаттар тізбесіне:
- ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
- №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у баланың денсаулық паспорты;
- өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)
Ал егер сіз шетел азаматы болсаңыз, онда ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруға тиіс. Мектепке қабылдау үшін Қазақстанда тұрақты тұру құқығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркеу құжаттарын ұсыну қажет.
2025 жылдың қаңтар айында білім саласының «Күншалғанауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша 0 (нөл) қызмет көрсетілді.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша 0 (нөл) қызмет көрсетілді.
«Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша 0(нөл) қызмет көрсетілді.
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі бойынша 0 (нөл) қызмет көрсетілді.
«Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметі бойынша 0 (нөл) қызмет көрсетілді.
Мектеп директорының м.а: Г.А.Садвокасова
Құрметті әріптестер, оқушылар және мектеп түлектері!
Біз Сіздерді өз сайтымызда қарсы алуға қуаныштымыз! Құрметті ата-аналар! Оқушылар мен түлектер! Құрметті сайт қонақтары! Біз сіздерге осы сайттың беттерінде біздің мектеп туралы айтуға қуаныштымыз. Мұнда сіз қызықты және пайдалы ақпаратты таба аласыз деп үміттенеміз.Мектеп директоры...